Голливуд актерлері наразылық акциясына шықты
Голливуд актерлері тағы наразылық акциясына шықты. Олар кәсіподақпен төлем мәселесіне қатысты ортақ келісімге келе алмай отыр.
Атап айтқанда, кинокартинаны жасау үшін жасанды интеллектіні пайдалану және оған ақы төлеу мәселесі шешімін таппады. Бұл наразылық шілде айынан бастап жалғасып келеді. Сценаристердің акциясына актерлік кәсіподақ та қосылды. Сарапшылардың пікірінше, бірнеше айлық ереуіл ел экономикасына 5 миллиард доллар көлемінде шығын әкелді. Сондай-ақ түсірілім топтарының мыңдаған мүшесі жұмыссыз қалды.