Лувр музейі жабылды
Лаңкестік шабуыл қаупі салдарынан Париждегі Лувр музейі жабылды.
Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлімдеді. Террорлық әрекеттің алдын алу үшін ел Президенті Эммануель Макрон жергілікті халыққа үндеу жариялады. Кеше Францияда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Халық қауіпсіздігі үшін 7 мың әскер жұмылдырылды. Бұған дейін мектептегі мұғалімге пышақпен шабуыл жасалған еді. Қаскөй педагогті қатігездікпен өлтіріп, тағы екі адамды жарақаттаған. 20 жастағы қылмыскердің есімі анықталды.