Қазақстан туы Афинаның ең биік нүктесіне орнатылды
Республика күніне орай Қазақстан туы Афинадағы ең биік Ликавитос тауына орнатылды.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Гректер үшін Ежелгі және қасиетті жерде Қазақстан туының көтерілуі екі ел арасындағы достықты білдіреді. Шараны Қазақстан-Грек іскерлік кеңесі бірлесіп ұйымдастырған. Қос ел арасындағы сауда, инвестиция және мәдени ынтымақтастық одан әрі ілгерілей түседі.