Жаһандық туризм пандемиядан кейін толықтай қалпына келді

Жаһандық туризм пандемиядан кейін толықтай дерлік қалпына келді.

Жыл қорытындысы бойынша, биыл  сектордан түскен табыс 9 жарым триллион долларға дейін жетуі тиіс. Бұл коронавирус белең алмай тұрған 2019-жылдың көрсеткішінен 5 пайызға ғана кем. Дүниежүзілік туризм ұйымының мамандары 10 жылдан кейін меже 15 жарым триллион доллар шамасында болатынын болжайды. Бұл жаһандық жалпы ішкі өнімнің 12 пайызы. Сөйтіп 2033-жылға таман салада еңбекке жарамды әлем халқының 12 проценті жұмыс істеуі мүмкін.