Экобелсенділер Луврдың төбесіне бояу төкті
Экобелсенділер Париждегі Лувр музейінің шыны төбесіне бояу төгіп, наразылық танытты.
Табиғат жанашырлары осылайша жергілікті билікті климаттың өзгеруімен белсенді күресуге шақырмақ болған. Олар үкіметтен ғимараттардағы жылуды сақтау жүйелерін жетілдіруді талап етеді. Себебі бұл ауаны ең көп ластайді екен. Экобелсенділер мәселені шешу үшін жыл сайын 12 миллиард еуро бөлуді сұрап отыр.