Тбилисиде ретрокөліктер фестивалі өтті
Грузия астанасы Тбилисиде ретрокөліктер фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда 1900-1994 жылдар аралығында шыққан автомобильдер көпшілік назарына ұсынылды. Ең көмескі тартқан көлікке 88 жыл толса, ал жаңасының өзі 30 жылға жуықтаған.
Грузия 2 жылдан бері тарихи көліктер ассоциациясына мүше. Содан бері ел аумағында ретро стильдегі транспорттардың көрме-жәрмеңкесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Лаша Нарсия, Грузия Тарихи көліктер ассоциациясының президенті:
- Бұл автомобильдер сирек кездесетіндіктен, көркем туынды деуге болар. Елдің мәдениеті мен туризмін, сондай-ақ кинематография саласын дамытуға ықпалы орасан. Фестивальге қатысуға 150-ге тарта көлік тіркелді. Бірақ байқағандарыңыздай, халық назарына одан да көп машина ұсынылды.