Нью-Делиде ауаның ластануынан бастауыш мектептер жабылды

Үндістан астанасы Нью-Делиде ауаның күрт ластануынан барлық бастауыш мектеп уақытша жабылды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шаһарды тұмшалаған түтін қауіпті деңгейге жеткен. Нью-Дели – әлемдегі ауасы ең лас қала. Оның басты себебінің бірі – автокөлік көп. Ресми дерекке сүйенсек, Үндістанда ауаның ластануынан жыл сайын 1 миллионнан астам адам көз жұмады.