Пәкістанда заңсыз мигранттарға қатаң шара қолданыла бастады
Пәкістан полициясы құжатсыз жүрген мигранттарға қатаң шара қолдануға кірісті.
Осы мақсатта арнайы операция жүріп жатыр. Қолға түскен кірмелер уақытша тұрақтау лагерлеріне жеткізілуде. Жан-жақтан тексерістен өткендері дереу еліне қайтарылмақ.
Полиция осы сәтке дейін 900-ге жуық үйді тінтіп шыққан. Билік заңсыз мигранттардың жартысынан астамы тегі ауған азаматтар дейді. Олардың басы 1970 жылдары келген.