Германиядағы әуежайда полиция қарулы адаммен келіссөз жүргізіп жатыр
Германияның Гамбург әуежайының ұшу алаңына қарулы адам көлігімен кіріп кетті.
Осыған байланысты әуе айлағы уақытша жабылған. Қазір полиция күдіктімен келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге оның талаптары белгісіз. Бұған дейін күдіктінің әйелі "4 жасар баламды күйеуім алып кетті" деп, полицияға хабарласқаны жайында ақпарат келіп түскен. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.