Франция Газаға гуманитарлық көмек жіберді
Франция Газа секторына гуманитарлық көмек жіберді.
Азық-түлік, дәрі-дәрмек, жергілікті халықтың жағдайын жеңілдетуге арналған генератормен қамтылған 18 тонна жүк Мысырға келіп жетті. Сондай-ақ Франция Газадағы ауруханаларды қолдау мақсатында өткен аптада Шығыс Жерорта теңізіне Tonerre әскери-теңіз кемесін жіберетінін мәлімдеді.
Газа денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қарулы қақтығыс салдарынан 10 мыңға жуық палестиналық қаза тапты. Қазір мұнда азық-түлік пен су тапшы. Тұрғындар медициналық көмекке зәру.