Еуроодақ Газаға гуманитарлық көмек жіберді

Еуроодақ елдері Газа секторында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр.

Осы жолы Бельгия билігі әуе арқылы дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қамтылған жүк жіберді. Бұл – Еуроодақ елдерінің осымен 8-ші рет анклавтағы ағайынға көмек қолын созуы.

Янес Ленарчич, гуманитарлық көмек бойынша ЕО комиссары:

- Бұл – біздің Газа секторына жөнелткен көмектің алғашқы бөлігі. Жақын күндері тағы жүк жібереміз. Өйткені онда ауызсу, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғы, жанармай тапшы. Сол себепті көмек жолдау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз.