Чилиде тілсіз жаудан 14 адам опат болды

Чилидің оңтүстігінде 2 үйден өрт шығып, 14 адам көз жұмды.

Оның алтауы – бала. Құрбандардың барлығы – Венесуэла азаматтары. Бұл туралы жергілікті Коронель билігі хабарлады. Айтуынша, тілсіз жау елді мекеннен сәл қашық орналасқан тоғайдағы ағаш үйлердің бірінде тұтанған. Құтқару операциясына 5 өрт сөндіру қызметі тартылды.