Газаның оңтүстігіне жаяу ағылған тұрғындар көбейді

Газа секторында қарулы қақтығыстан аймақтың оңтүстігіне қарай жаяу ағылған тұрғындар көбейді.

Оған Израиль күштерінің әуе соққылары себеп. Әскерилер Газа қаласын қоршауға алып, өңірдің солтүстігіндегі бейбіт халықты қоныс аударуға мәжбүрлеуде. Салдарынан шаһардан бас сауғалаған тұрғындар күрт артқан. Ал БҰҰ дерегіне сүйенсек, қарулы қақтығыс басталғалы Газа секторындағы 2,2 миллион тұрғынның 1,5 миллионы босқынға айналған.