Газа ауруханасына көмек жеткізілді
Газадағы «Әл-Шифа» ауруханасына қажетті заттар мен дәрі-дәрмек жеткізілді.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, ауруханадағы ахуал көңіл көншітпейді. Ол апатты жағдайда. Халықаралық ұйымдар отын, жанар-жағармай жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр.
Таяу Шығыстағы қақтығыс басылар емес. Израиль билігі бейбіт тұрғындарға қауіпсіз жерге көшуге мүмкіндік берген еді. Қазір Газаның оңтүстігіне жаяу ағылған халық көп. БҰҰ дерегіне сүйенсек, қарулы қақтығыс басталғалы Газа секторындағы миллиондаған адам босқынға айналған.