Газа секторында әрбір 10 минут сайын бір бала көз жұмады

Газа секторында әрбір 10 минут сайын бір бала көз жұмады

Газада әр 10 минут сайын бір бала қаза болып жатыр. Бұл бүгін ғана емес, күніге болатын жағдай.

Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мәлімдеді. Тедрос Гебрейесустың айтуынша, Газа ауруханаларындағы барлық медициналық техника істен шыққан. Нәрестелер жататын арнайы құрылғылар жұмыс істемейді. Жаралыларға шұғыл көмек көрсету қиын. Ал Таяу Шығыстағы бұл қақтығыс әлі де басылар емес. 40 күнге таяп қалды. Осы уақыт ішінде Газа секторында 10 мың 800 адам қаза тапты. Оның 70 пайызы әйелдер мен балалар. Ал Израиль тарапынан 1 жарым мыңнан астам көз жұмды.