Францияда тасқынға байланысты жүздеген тұрғын көшірілді

Францияда үйін су басқан жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Бірнеше күн бойы толассыз құйған нөсер соңы тасқынға ұласқан. Елді мекендерді су басып жатыр. Осының алдында табиғат апатына байланысты Па-де-Кале аймағында қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі енгізілген еді. Синоптиктер алдағы күндері тағы жаңбыр жауып, су тасқыны күшеюі мүмкін деп ескертіп отыр.

Шарлотта Леле, жергілікті тұрғын:

- Таңға жуық ең қажетті деген заттарымызды жинап, көшуге қамдандық. Көшпеске амал жоқ. Себебі үйімізді су баcты. Аяқ басар жер жоқ.