Италияда босқындарды қабылдау орталығында жарылыс болды

Италияда босқындарды қабылдау орталығында жарылыс болды

Италияның Сан-Лоренцо-Нуово қаласындағы мигранттарды қабылдау орталығында жарылыс болып, 30 адам ауыр жарақат алды.

Зардап шеккендер арасында кәмелетке толмағандар да бар. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді. Жараланғандардың бәрі ауруханаға жеткізілген. Тергеу амалдары басталды. Алдын-ала мәлімет бойынша, жарылыс газдан болуы мүмкін.