Әлемде Газа секторындағы қақтығысқа қарсы шерулер өтті
Әлемнің көптеген елінде Газа секторындағы қантөгісті тоқтатуды талап еткен шерулер өтіп жатыр.
Шерушілер қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырып, Палестина халқына қолдау білдірді. Оның ең ірісі 300 мың адамның қатысуымен Лондонда өтті.
Палестиналықтарды қолдаған тағы бір шеру үкіметтің тыйымына қарамастан Париж орталығында өтті. Ал римдіктер Италия билігін анклавтағы шайқастарды тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға үндеді.