Қытайда ірі көмір кәсіпорнындағы өрттен 25 адам қаза тапты

Қытайда ірі көмір кәсіпорнындағы өрттен 25 адам қаза тапты

Қытайдың Шаньси провинциясындағы ірі көмір кәсіпорнында өрт шығып, 25 адам опат болды.

Тағы 63 адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қытай баспасөзінің мәлімдеуінше, өрттің неден болғаны әзірге белгісіз. Нысан ішінде тағы қанша адам қалғаны белгісіз. Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы Қытайдағы тау-кен кәсіпорындарында мұндай жағдай жиі болады. Былтыр 500-ден астам апатты жағдай тіркелген.