ДДҰ: Газа секторында індеттің таралу қаупі артты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторында түрлі жұқпалы ауру таралуы мүмкін деп дабыл қағып отыр.
Себебі елде ауызсу тапшы. Азық-түлік азайған. Дәрі-дәрмек жетіспейді. Мамандар аймақта кез келген уақытта індет өршуі мүмкін деп ескертеді. Оның алдын алуға медициналық нысандардың қауқары жетпейді. Өйткені Газа секторындағы ауруханалар мен емханалардың көбі үздіксіз шабуылдардан өз жұмысын тоқтатты.