Израиль мен ХАМАС 4 күндік бітімге келді

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс уақытша тоқтатылады.

Екі тарап та соғысты 4 күнге тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімді мақұлдады. Шарт бойынша Израиль кепілге алған 150 палестиналықты, ал ХАМАС бұған айырбас ретінде 50 тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен балаларды босатуы керек.

Бұдан бөлек, үзіліс кезінде Газа секторына гуманитарлық көмек, дәрі-дәрмек, жағармай кіргізіледі. Израилдік ақпарат құралдарының мәліметінше, үзіліс мерзімі біткеннен кейін шабуыл әрекеттері қайта жалғаспақ.