Лос-Анджелесте қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр
Калифорния Қазақ Коммюнити деп аталған қауымдастық отандастарымыздың бас қосатын қара шаңырағына айналған.
Мұнда аптасына бір рет қазақ тілі, домбыра, би және спорт сабақтары өтеді. Оған кез келген бала қатыса алады. Қара домалақтар саны аз емес. Себебі, Лос-Анджелес пен оның маңайындағы қалаларда шамамен бес жүзге жуық қазақ отбасы тұрады. Олардың арасында Қытай, Моңғолия және Түркия секілді елдерден келгендер де бар. Мәдени кіндікте сабақтардан бөлек, түрлі ойындар, саябақтарда кездесулер де өтіп тұрады.
Раушан Мұхтар, қазақтар қауымдастығының төрайымы:
- Қазақтарды жинап жүргенбіз. Үйде жиналып жүрдік. Бірақ үйге симайтын болдық. Сосын осындай орталық құру туралы ой келіп, ақыры ашылды. Себебі, осындай балалар қазақша сөйлессе, араласса дедік. Әйтпесе, тілдері ағылшыншаға ауысып кетеді.