Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізілді

Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу жеделдеді.

Израиль мен Палестина үйлестіру бюросының мәліметінше, Рафах өткізу бекеті арқылы тәулігіне 200 жүк көлігі өткен. Бұл Газа секторына қақтығыс басталғалы бері келген ең ірі  автоколонна. Жүк көліктеріне 129 мың литр жанармай мен 4 тұрмыстық газ цистернасы тиелген. Сондай-ақ жүздеген мың адамға азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмек жеткізілді.