Пәкістанда сауда орталығындағы өрттен 11 адам қаза тапты

Пәкістанның Карачи қаласында сауда орталығында өрт шығып, 11 адам қаза тапты.

Тағы 35 тұрғын әр түрлі дәрежеде жарақат алды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 7 адамның жағдайы ауыр. Құтқарушылар 50-ге жуық тұрғынды оқиға орнынан эвакуациялады. Жалпы ғимаратта қанша адамның болғаны белгісіз. Полицияның мәліметінше, өрт электр желісіндегі қысқа тұйықталудан болған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.