Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім ұзартылуы мүмкін
Израиль билігі мен палестиналық ХАМАС арасында жасалған уақытша бітім тағы ұзартылуы мүмкін.
Қазір қос тарап тиісті мәселені талқылап жатыр. Жанжалдасушы жақтар бұған дейін бір мәмілеге келген еді. Соған сәйкес, Израиль әскері 4 күн оқ атпау керек. Сонымен қоса жергілікті түрмеде отырған жүздеген палестиналықты бостандыққа шығаруға уағдаласты. Ал ХАМАС тұтқынға алғандардың бір бөлігін босатуға келісті. Бүгін уақытша бітімнің соңғы күні. Нәтижесі жаман емес дейді сарапшылар. Келісім аясында екі жақтан 175 адам босатылды. Бітім күшіне енгелі өңірге жіберілетін гуманитарлық көмек те ұлғайды.