Грузияда дүлей дауыл соқты
Грузияның оңтүстік-шығысында дүлей дауыл соқты.
Ұйытқыған екпінді жел мен толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Аджария халқы жарықсыз қалды. Қалада ағаштар құлап, ғимараттар қирап жатыр. Ал Батумидегі Жаңа Бульвар жағалауында өзен арнасынан тасып, қаланы су басты. Табиғи апаттан курорттық Кобулети қаласы қатты зардап шеккен. Метеорологтар Грузияның Қара теңіз жағалауындағы ауа райы бүгін де қолайсыз болады дейді.
Торнике Рижвадзе, Аджария Автономиялық Республикасы үкіметінің төрағасы:
- Инфрақұрылымның тас-талқаны шықты. Қираған ғимараттарды қалпына келтіру үшін мобильдік топ құрылды. Тұрғындарды тысқа шықпауға шақырамыз.
Арчил Чиковани, Батуми қаласының мэрі:
- Қазір құтқару және қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Жағалау жаққа бару тым қауіпті, өйткені күн райы әлі де қолайсыз.