Газа секторына бір тәулікте 50 көлік гуманитарлық көмек жеткізілді
Таяу Шығыстағы Газа секторына өткен бір тәулікте 50 көлік гуманитарлық жүк жеткізілді.
Көмек Мысырмен шекарадағы Рафах тексеру-өткізу бекеті арқылы көрсетіліп жатыр. Алайда ХАМАС пен Израиль арасында атысты тоқтату туралы келісім бұзылған соң өңірге азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және жанармай тасымалдау күрт азайған. Оған әскери қимылдар себеп. Мәліметке қарағанда соңғы бірнеше күнде Израиль ХАМАС-тың 400-ден аса нысанын бомбалаған. Бірақ шабуылдан көбіне бейбіт тұрғындар жапа шегуде. Әуе соққыларынан 200-ден аса адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жараланған.