Келер жылы COP-29 Әзербайжанда өтуі мүмкін
Келер жылы Климат жөніндегі саммит Әзербайжанда өтуі мүмкін.
Оның кандидатурасы үшін Шығыс Еуропа елдері дауыс берген. Енді тиісті шешімді бұл күндері Дубайда өтіп жатқан саммит қатысушылары қолдауы керек. Алдын ала мәлімет бойынша, олар да қарсы болмауы тиіс.
Айта кеткен жөн, 30 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінде Климат бойынша КОП-28 саммиты басталған. Оған 110 мыңнан аса делегат қатысуда. Халықаралық шара 12 желтоқсанда аяқталады. Сол күні келер жылы саммитті нақты қай елдің қабылдайтыны ресми түрде жария етіледі.