АҚШ халқының салық төлеу мәдениеті. LIVE
Дамушы мемлекеттерде мүлкін жария ету тәжірбиесі жаңалық емес.
Өйткені капиталды көлеңкеден шығару әлем бойынша өзекті. Мысалы, біз үшін АҚШ тәжірбиесі қызық болды. Жергілікті халықтың салық төйлеу мәдениеті қандай?
Айжан Сыдықова, меншікті тілші:
- АҚШ-тың салық жүйесіне келсек, мында барлығы дерлік салық декларациясын жыл сайын тапсырады. Жылдық табысқа қарай салық мөлшері көрсетіледі. Резиденттер де, резидент еместер де есеп беріп, декларация толтырады.
Салық төлеушінің мәртебесі, отбасылы ма, кәмелетке толмаған балалары бар ма деген сияқты мәліметтер аса маңызды. Ерлі-зайыптылар бірге немесе жеке-жеке де декларация тапсыра алады. Бірақ әйелі мен күйеуінің табысында айырмашылық көп болса, мәселен кірісі көбірек болса салық мөлшері де басқаша есептеледі.
Алайда әр азаматтың салықты азайтып, қысқартуға да мүмкіндігі бар. Мысалы, денсаулық сақтау үшін, мүмкіндігі шектеулі баласы болса, асырап алған балалары болса және ерекше күтім қажет ететін отбасы мүшелері болса, білім алу сияқты көптеген әлеуметтік мәртебеге қарай табыс салығын азайтуға болады.
Әдетте америкалықтар салық декларациясын пошта арқылы немесе электронды түрде тапсырады. Оны жылына бір рет, 1 қаңтардан кейін сәуірдің 15-інен кешіктірмей өткізу қажет.
Еш себепсіз декларацияны кешіктірген азаматтарға әрбір мерзімі өткен ай үшін салықтардың жалпы сомасының шамамен 5% айыппұл салынады. Бірақ жалпы алғанда айыппұл мөлшері 25% - дан аспайды.
Бенджамин Франклиннің «бұл өмірде салық пен өлімнен қашсаң да құтылмайсың» деген сөзі әрбір америкалықтың жадында. Сондықтан олар барынша кешіктірмей салық тапсырады.
- АҚШ-та жұмыс әстеп жатқан шет елдіктер де декларация тапсыра ма?
Табысың сырттан болса декларация тапсырмайсың. Бірақ біз күнделікті сауда жасағанда 6 проценттік салықты төлейміз ғой. Ал қандай да бір компанияның атынан жеке шотыңызға ақша түссе оны көрсетіп, есеп беру міндетті. Егер осында табысыңыз болса декларация тапсыру қажет. Мұнда салық төлеуге өте жауапкершілікпен қарайды. Мәселен, грин карта ұтып алып осында тұрып жатқан қазақтар қандай да бір қателік жібермес үшін арнайы бухгалтер жалдап, ақысын төлеп декларация өткізеді.
АҚШ-тағы активтер туралы декларация талап етілмейді, өйткені салық органдары бұл ақпаратқа қол жеткізе алады.