Кениялық суретші пластиктің қалдығынан жиһаз жасайды
Кениялық суретші пластикалық қалдықтардан жиһаз жасайды.
Ол бұған дейін теңізден жинап алған 20 тонна қоқыстан түрлі бұйымдар дайындап шығарған. Шебер осы арқылы адамдардың назарын жаһандық мәселеге аударуды мақсат етеді.
Джоэл Оэнга, суретші:
"Мен күн сайын жағажайға барып пластмасса, полиэтилен пакеттері, балықтарға арналған ау сынды қалдықтарды жинаймын. Бамбук ағаштары мен бөренелер де әр жерде шашылып жатады. Бұл жағажайдың сәнін кетіреді."