Газа ауруханаларында орын жоқ
Газадағы әл-Шифа ауруханасында ине-шаншар орын жоқ.
Денсаулық сақтау өкілдері аурухана тек қарапайым ем-дом ғана жүргізе алатынын мәлімдеді. Дәрілік заттар мен қажетті препараттар жетіспейді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдан келгенше Газа ауруханаларын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп жатыр. Соңғы рет мұнда хирургиялық құралдар мен анестезияға арналған материалдар жеткізілген.
Шон Кейси, жедел медициналық көмек тобының үйлестірушісі:
- Газаның солтүстігіндегі әл-Шифа ауруханасы – анклавтағы ауқымы жағынан ең үлкен медициналық мекеме. Соның өзінде науқастарға орын жетпей жатыр. Жеңіл, ауыр жарақатпен келгендердің бәріне бірдей ем тағайындалып жатыр. Өйткені маман тапшы. Амалы құрыған дәрігерлер қатты зардап шеккен балаларды да еден үстінде қабылдап, медициналық көмек көрсетіп жатыр.