Германияда миллиондаған тұрғын кедейліктің зардабын тартып отыр

Баспана тапшылығы, жалға алу бағасының өсуі мен күнкөрістің қымбаттауы немістердің тұрмысын төмендеткен.

Соның салдарынан қайырымдылық ұйымдарына алақан жайғандардың қатары артып отыр. Ұйым қызметкерлерінің сөзінше, осыдан 30 жыл бұрын кедейшіліктің кебін киген балалардың саны 1,2 млн құрады. Қазір бұл көрсеткіш 3 есе өскен. Олардың білім деңгейі де төмен. 4-сыныптағылардың төрттен бірі әлі сауатты оқи алмайды. Мұнан бөлек үйсіздердің күйі алаңдатарлық. Басында баспанасы жоқтардың шамамен 57 пайызы пәтер жалға алу құны қымбаттаған соң көше кезуге мәжбүр. Еріктілердің сөзінше, бұлай жалғаса берсе елді кедейшілік жайлайтын түрі бар. Сол себепті үкімет бұған қарсы шара қолдануы керек дейді.