Болгария мен Румыния Шенген аймағына қосылады

Еуроодақ Кеңесі екі елдің визасыз саяхат аймағына кіруін бірауыздан қолдады.

Енді наурыз айынан бастап қос мемлекетпен әуе және теңіз шекарасындағы бақылау алынады. Дегенмен, құрлықтағы шекарада тексеру әлі сақталады. Оны алып тастау мәселесін кейінірек қарастыру көзделіп отыр. Жалпы Болгария мен Румыния Еуроодақ құрамына 2007 жылы кірген. Ал Шенген аймағына қосылу туралы өтінішті 2011 жылы жолдаған еді.