Блинкен Газа секторы аймағына аттанды
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығысқа тағы да аттанды.
Ол қақтығыс басталғалы осымен төртінші рет анклав аймағына сапарлатып отыр. Бұл жолы мемлекеттік хатшы жанжалдың шиеленісуіне жол бермеу мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ Газаға гуманитарлық көмек жеткізу жолдарын баяндайды. Бір аптаға созылатын сапар барысында ол Түркия, Грекия, Катар, БАӘ мен Мысырға да арнайы барады.
Мэтью Миллер, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі:
- Сапар барысында Мемлекеттік хатшы Газадағы гуманитарлық көмекті ұлғайту шараларына тоқталады. Сондай-ақ Израильдің анклавтағы әскери операциясын талқылайды.
Газа секторында ахуал ушықты
Таяу Шығыс
Ал Газа секторында қаза тапқандар саны 22 мың 600-ге жеткен. Тағы 57 мыңнан астам адам жарақат алған. Әсіресе, аймақтағы науқастардың ахуалы ауыр. Соңғы дерекке сүйенсек, 400 мың емделуші тіркелген. Жартысынан көбі жедел респираторлық инфекциясын жұқтырған. Сондай-ақ диарея, қышыма, педикулезге шалдығушылық белең алып отыр. Ауыз су тапшылығы мен кәріз жүйесінің істен шығуы жағдайды ушықтырып жіберген.