Атом электр станциясына төнген қауіп жоқ
Жапонияда 1 қаңтарда болған жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 161-ге жетті.
Ал із-түзсіз жоғалғандар қатары 100 адамнан асады. Іздеу-құтқару жұмысы әлі жалғасып жатқанға ұқсайды. Жалпы дүние жүзі халқын әлі де алаңдатып отырғаны – елдегі атом электр станцияларының жай-күйі. Өйткені 7,6 балдық жер сілкінісі өте қуатты. Арада 8 күн өтсе де, табиғи апаттың салдарымен күрес әлі жалғасып жатыр. Зілзала ошағына ең жақыны Шика атом электр станциясы болатын.
Жыл басынан бері Жапонияда негізгі зілзаладан кейін 900-ге жуық жерасты дүмпуі тіркелген. Абырой болғанда елдегі атом электр станциялары еш қауіп төнген жоқ. Мамандар зілзала ошағына ең жақын Шика зауытын тексеріп, ешқандай ақау болмағанын мәлімдеді. Бірақ халық арасында үлкен үрей болған. Шенеуніктер: «Бұл заңдылық», - дейді.
Хаташита Микио, әкімдік өкілі:
-Өте күшті жер сілкінісі болғандықтан, маңайдағы тұрғындардың алаңдайтыны сөзсіз.
Ёсимаса Хаяши, Жапония үкіметінің бас хатшысы:
-Исикава префектурасында түскі сағат 4-тен аса 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентрге жақын Шика атом электр станциясынан бастап басқа нысандардың бәрі жіті тексерілді. Ешқандай ақау табылған жоқ. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ деп сеніммен айта аламыз.