Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 202 адамға жетті

Жапониядағы жойқын зілзала салдарынан опат болғандар саны 202 адамға жетті.

Тағы 102 тұрғын ізім-ғайым жоғалғандардың тізімінде. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. 28 мыңнан астам адам Исикава префектурасының эвакуациялық орталықтарын паналап жатыр. Жапония қорғаныс министрі Минору Кихара құтқару жұмыстарына қатысып жатқан қорғаныс күштері қызметкерлерінің саны тағы 200 адамға арттырылып, 6300-ге жеткенін мәлімдеді.