2024 тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін
2024 адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін. Еуропа мен АҚШ ғалымдары осылай дейді.
Олардың айтуынша, Жер бетінде ауа температурасы жылдан жылға жоғарылап барады. Былтыр орташа жаһандық температура соңғы 80 жылда болмаған деңгейге жеткен. Биыл бұл рекорд бұзылуы мүмкін екен. «Температураның жоғарылауы Эль-Ниньо құбылысымен байланысты болады. Бұл – экваторлық Тынық мұхитындағы судың беткі қабатының температурасының ауытқуымен байланысты жылыну», - дейді мамандар.