Пәкістан Иранмен шиеленісті шешуге дайын
Пәкістан Иранмен шиеленіскен қатынасты дипломатия жолымен шешуге дайын.
Бұл туралы елдің премьер-министрі Анваар ул Хак Какар мәлімдеді. Еске салайық, 17 қаңтар күні Иран Ислам республикасы Пәкістан аумағындағы суннит содырларына шабуыл жасап, салдарынан екі бала қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан соң ресми Исламабад қарымта соққының ауыр болатынын ескертті. Сөйтіп, 18 қаңтарда Иранға соққы жасады. Сераван аймағына жасалған бірнеше зымыран соққысынан 3 әйел мен 4 бала қаза тапты.