Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар саны 25 мыңнан асты
Газа секторында опат болған палестиналықтардың саны 25 мыңнан асты.
Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. 7 қазанында басталған қақтығыстан 62 мыңға жуық тұрғын әр түрлі дәрежеде жарақат алған. Ал Израиль Қорғаныс әскері Дараджа және Туффа маңында болған шабуылдан соңғы тәулікте ХАМАС-тың 15 қарулы қызметкері қаза тапқанын хабарлайды. Сонымен қатар Ливандағы "Хезболла" жедел командалық орталығына шабуыл жасалған.
Брюссель тұрғындары атысты тоқтатуды талап етті
Брюссель тұрғындары Газа секторында атысты дереу тоқтатуды талап етіп, шеруге шықты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 9 мыңға жуық адам орталық көшеге жиналды. Олар "Азат Палестинаға тиіспе!" деген ұранмен Израиль билігін айыптады. 7 қазандағы шабуыл үшін палестиналықтарды ұжымдық тұрғыдан жазалау қатыгездік, дейді Брюссель тұрғындары.