Ұланбатырда газ таситын 60 тонналық автокөлік жарылды

Ұланбатырда газ таситын 60 тонналық автокөлік жарылды

Ұланбатырда газ таситын 60 тонналық автокөлік жарылып, 6 адам қаза болған. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.

Жол апаты салдарынан Ұланбатыр қаласында 60 тонналық автокөлік жарылып, салдарынан 3 төтенше жағдай қызметкері, жүргізуші және өзге екі адам қаза болған.
Жергілікті Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне қарағанда, оқыс оқиға 2024 жылғы 23 қаңтардан 24 қаңтарға қараған түні болған.
Алапат жалын оқиға орын алған маңайдағы тұрғын үйлерді де шарпығандықтан, тұрғындарды басқа жерге ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Өрттен сол маңдағы 20 көлік түгел жанып кеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккен 15 адам ауруханаға жеткізілген, 5 адамның жағдайы аса ауыр.