Қызыл теңіздегі текетірес сауда-саттыққа кедергі келтіріп отыр

Суэц каналы арқылы тасымалданатын сауда көлемі соңғы 2 айда 42%-ке төмендеді.

Бұған былтырғы жылдың қарашасынан бері Йемендік көтерілісшілердің Қызыл теңіздегі халықаралық жүк кемелеріне жасаған соққысы себеп. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша контейнерлік кемелер саны өткен жылмен салыстырғанда 67%-ке, ал мұнай транзиті 18%-ке қысқарды.

Айта кетейік, Қызыл теңіз және Суэц каналы – әлемдегі ең ірі сауда жолдарының бірі. Сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын алтын көпір.