Францияда фермерлер жолды жауып тастады
Француз фермерлерінің ереуілі басылар емес.
Бұл жолы олар елдің 85 департаментіндегі жолдарды жауып тастады. Шаруалар дизельдік отын бағасының өсуі мен субсидиялардың қысқаруына наразы. Сондай-ақ бюрократиялық тексерулер көбейіп кеткенін айтады. Премьер-министр кейбір талаптарды орындауға дайын екенін жеткізді. Қазір осыған ұқсас ереуілдер Франциядан бөлек Германия, Румыния мен Польшада өтіп жатыр. Бұл елдерде де шаруалар дизельдік отын бағасының өсуіне қарсы. Сонымен қоса биліктің азот пен парниктік газдарды қысқарту талабымен келіспей отыр.