АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерге әуе соққысын жасады

АҚШ пен Ұлыбритания Қарулы күштері хуситтердің Йемендегі 36 нысанына тағы әуе соққысын жасады.

Бұл туралы олар бірлескен мәлімдемесінде жариялады. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин хуситтер Қызыл теңізде кемелерге шабуылдарын доғармаса, салдары ауыр болатынын ескертті. Ал Йемен тарапы болса АҚШ пен Ұлыбритания «Израильдің Газадағы әскери операциясына қолдау білдіріп, аймақтағы өзге істерге араласып отыр» деп айыптап отыр.

Еске сала кетейік, Газада қақтығыс басталғалы Йемен хуситтері Қызыл теңіз бен Аден шығанағындағы жүк кемелерін 40 рет зымыранмен атқылаған. Бұл осы су жолдарымен кеме қатынасына едәуір нұқсан келтірді.