Блинкен: Израиль мен ХАМАС келісімге келуі мүмкін
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығыстағы сапарында Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасында қақтығысты уақытша тоқтату туралы келісімге келу әлі де мүмкін екенін атап өтті.
Тараптар ортақ шешімге келсе, кепілдегілер босатылып, Газа аймағына гуманитарлық көмек кіргізуге мүмкіндік ашылады. Бұл келісім қос тарап үшін де тиімді болмақ дейді.
Энтони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы:
- Біз алғашқы күннен-ақ тұтқынға алынғандардың мәселесін назардан тыс қалдырмадық. Олар отбасына оралғанша қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл мәселені Израиль үкіметімен де талқылауға мүмкіндік алдық. Тараптар ортақ келісімге келеді деп үміттенемін.
Бұл ұсынысты ХАМАС тарапы қолдап отыр. Өйткені содырлар тобы атысты уақытша тоқтату және тұтқындағыларды босату туралы келіссөздер жүргізу үшін Каирге арнайы делегация жіберетінін мәлімдеді. Бірақ қозғалыс тобының сапарға қашан аттанатыны әзірге белгісіз. Өйткені келіссөз бойынша олардың талап-шарты өзгеруі мүмкін.
Усама Хамдан, ХАМАС қозғалысының аға өкілі:
- Өкінішке қарай, келіссөздегі біздің соңғы нұсқа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Онда талқыланған мәселелердің шындыққа жанасатынын айтқым келеді. Өйткені бұл ұсыныс біздің халқымыздың қайғы-қасіретін жеңілдетіп, мүддесін қорғауға қызмет етеді. Бұл талаптарды жүзеге асырып, мәселені әрі қарай қарау үшін біз қозғалыс басшылығын Каирге аттандырамыз.