Хуситтер Америкаға сес көрсетті
Йемендегі хуситтер АҚШ оларды «түбегейлі террорист» деп таныса, Қызыл теңіздегі шабуылды күшейтеміз деп сес көрсетті.
Бұл туралы аталған топтың Ақпарат министрі Дайфулла аш-Шами мәлімдеген. Негізі Ақ үй хуситтерді "лаңкестік ұйым" деп 17 қаңтарда ресми жариялап қойған болатын. Бұл шешім 17 ақпанда заңды күшіне енуге тиіс. Айта кетейік, хуситтер өткен жылдың қарашасынан бері Қызыл теңіз арқылы өтіп жатқан шетелдік сауда кемелеріне шабуыл жасап жатыр. Олардың талабы Газа секторындағы Израиль басқыншылығын тоқтату.