Қытай Boeing 737 MAX пен Airbus A320-ге бәсекелес ұшақ жасады
Қытайда жасалған ең алғашқы жолаушылар ұшағы тұңғыш рет елден тыс жерге ұшып шықты.
Си-919 лайнері Сингапурдегі әуе шоуына қатысады. Іс-шара 20-25 ақпан аралығында өтеді. Оған 50 елден мыңнан аса экспонат қатысады.
Айта кеткен жөн, Си-919 лайнері 164 жолаушы тасымалдауға арналған. 5 жарым мың шақырым қашықтыққа ұша алады.
Сарапшылар ұшақ Боинг-737 Макс пен Эйрбас А320-ге бәсекелес болуы мүмкін дейді. Әзірге Си-919 тек Қытай ішіндегі рейстерде жүр.