АҚШ ғарыш кемесі Айға қонды
АҚШ-тың ғарыш кемесі Айға сәтті қонды. Бұл туралы NASA ғарыш орталығы хабарлады.
"Одиссей" атты ғарыш кемесі Айдың оңтүстік полюсіне жақын жерге тоқтады. Алайда біраз кедергіге тап болған.
Айта кетейік, ұшқышсыз құрылғы салмағы 660 келі, құны 120 миллион долларға тең 6 ғылыми-зерттеу құралын Ай бетіне жеткізді.
Бұл – АҚШ тарихындағы жер серігіне алғашқы коммерциялық қону. Өйткені құрылғыны жеке ғарыш орталығы ұшырды.