Ұлыбританияның Плимут қаласында 500 келілік бомба табылды

Ұлыбританияның Плимут қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған бомба табылды.

Салмағы 500 келі болатын жарылғыш зат үй ауласында жатқан. Осыған байланысты әскерилер радиусы 300 метр аумақты қоршауға алынып, мыңдаған адам көшірді. Кейін қауіпті қаруды залалсындандырып, қаладан тыс жерге әкеткен. Қорғаныс министрлігі өкілдері келтірген мәліметке сәйкес, операцияға бас-аяғы 1000 маман жұмылдырылыпты.