Беларуссияда жергілікті өкілдер палатасы мен депутаттар кеңесі сайланады
Бүгін – Беларуссияда бірыңғай дауыс беру күні.
Тұрғындар тұңғыш рет жергілікті өкілдер палатасы мен депутаттар кеңесін сайлайды. Парламентке 298 адам ұсынылып, оның 265-і үміткер ретінде тіркелді. Ал депутаттардың жергілікті кеңестеріне 18 802 кандидат тіркеуден өткен. Саяси науқанды қадағалауға ТМД мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының миссияларынан 250-ден астам бақылаушы жұмылдырылған. Шетелдік тәуелсіз сарапшыларды қоса алғанда, олардың саны 300-ге жуықтайды. Кеше мерзімінен бұрын дауыс беру инспекциясының аралық қорытынды нәтижесі шықты. Шара барысында құқықбұзушылық анықталған жоқ.
Нұрлан Ермекбаев, ШЫҰ бақылаушылар миссиясының басшысы:
- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттік өкіл бекіткен принциптер мен ережелерге сәйкес жұмыс істейді. Ұйым, негізінен, саяси бейтараптылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидаларын берік ұстанады. Миссия жетекшілерінің өзі бақылаушылар тобының жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Барлық бағалаулар жеке бақылау қорытындысы мен фактілер негізінде жүргізіледі.