Трамп билікке қайта келуі мүмкін

АҚШ халқы бұрынғы президент Дональд Трамптың билікке қайта келуін қалайды.

Бұл жөнінде New York Times басылымы Сиенск колледжісімен бірлесіп, тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде халықтың 43 %-і Джо Байденге, 48 %-і Дональд Трампқа дауыс беруге ниетті. Сондай-ақ Ақ үйдің қазіргі басшысын 18-29-дағы жастар, ал Трампты 30-35 жас шамасындағы тұрғындар жақтаған. Бұл көрсеткіштерге қарап, сарапшылар: «Сайлауда Трамп жеңуі әбден мүмкін», – деп болжап отыр.